«Орынғали балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Қазығұрт ауданының «Орынғали балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы ,Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы Т.Маханбетов көшесі №40 ғимарат |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон: 8 771 238 75 39 Электрон поштасы:oryngalibalabakshasy@mail.ru Web сайт. https://oryngali-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Мухамедиева Алтын Сайдуалиевна Қызғұрт аудандық білім бөлім басшысының 2016 жылғы 23 желтоқсан № 1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 23.12.2016ж өткен. БСН 161240019309 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мемлекеттік лицензия 06.02.2024жыл KZ10RVK00056082 хабарлама берілген. |
| 7 | Құрылған жылы | 2000жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 4топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер:Ӏ ауысым; ӀӀ ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 4 -5 жас — аралас топ, 25-30 минут 3-4 жас — аралас топ, 15-20 минут 2-3 жас – арлас топ, 10-15 минут |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 75 балаға арналған. 29.03.2017 жылы №X.03.X.KZ15VBS00064563 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 75 орындық, 4 топ жұмыс жасайды. «Балауса» аралас топ 3-4 жас, «Балдырған» аралас топ 2-3 жас, «Алғырлар» аралас топ 4-5 жас, «Балапан» аралас тобы 2-3 жас, Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 4 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, асхана, психолог кабинеті, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.